31 қаң, 2020 сағат 06:46

Алматыда Бостандық ауданы сотының төрағасы қамауға алынды

30 қаңтар күні Нұр-Сұлтан қалалық мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Бостандық ауданы сотының төрағасын қамауға алуды санкциялады, – деп хабарлайды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Сот аталған судьяның сотқа дейінгі тергеуді объективті жүргізуге кедергі келтіруі мүмкін екені туралы Жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің дәлелін қолдады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Сот өкілі борышкердің Қазақстан Республикасы аумағынан шығуына рұқсат беру үшін азаматтан ірі көлемде пара алды деген күдікке іліккен.

Бұл қылмыс Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты Ішкі қауіпсіздік және жемқорлықты ескерту бөлімімен бірлесіп жұмыс істеу барысында әшкереленді.