08 мау, 2021 сағат 22:58

Алматыда блогерді тонап, соққыға жыққан күдіктілер ұсталды


Алматыда блогерді тонап, соққыға жыққан күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алмалы аудандық полиция басқармасының мәліметінше, блогер Валерий Кудрявцевті тонағандар анақыталып, ұсталды. 

«Күні бойы жедел және арнайы іс-шаралар кешені өткізілді, соның арқасында екі күдікті де ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдіктілер - Алматы облысы, Іле ауданының тұрғыны. Екеуі де жұмыссыз, 2002 жылы туған азаматтар. Қазіргі уақытта заттай дәлелдемелерді сатқан орын анықталып жатыр. Яғни, жәбірленушінің ұялы телефоны», - деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов. 

Бұған дейін белгісіз біреулердің блогер Валерий Кудрявцевті соққыға жығып, тонап кеткені туралы жазған болатынбыз.

Айта кетейік, Валерий Кудрявцев басқа блогерлермен бірігіп түрлі жағдайларға шағымданатын әртүрлі кейіпкерлерді видеоға түсіріп, насихаттайды. Олар Қазақстанның қалаларын аралап, ондағы проблемаларды көрсетеді.