Алматыда ішімдік ішіп алған мас адамдар полиция қызметкерлеріның заңды талабына қарсылық көрсетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Алматы қалалық ПД хабарлауынша, 6 сәуір күні кешке, №1 шағын аудандағы тұрғын үйдің ауласында қызметте жүрген учаскелік инспекторлар ішімдік ішіп отырған бір топ ер адамды байқайды. Олар балалар ойын алаңына жайғасқан. Жиналған топ полиция ескертуіне агрессиямен жауап берді, олар карантин режимі ережелеріне қайшы ешнәрсе істемегенін айтып, өздерін ақтауға тырысқан.
«Өз еркімен тарағысы келмеген бес адамды полиция бөліміне апаруға тура келген. Сондай– ақ, олар полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетіп, төбелес шығарған. Қазір бұзақылар қамауға алынып, жауапқа тартылып жатыр. Олар міндетті түрде заңға сәйкес жазасын алады», – дейді М.Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Әлішер Тұрсынбетов.
Оның айтуынша, ұсталғандардың үстінен екі бап бойынша іс қозағалады. ҚР Қылмыстық кодексінің 379-бабы «Мемлекеттік қызметкерге бағынбау» және 380-бабы яғни «Билік өкіліне қатысты күш қолдану».