31 мам, 2021 сағат 13:21

Алматыда бір тәулікте 2 340 адам вакцина алды


Алматы қаласында бір тәулікте 2 340 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Басқарма таратқан мәліметке қарағанда 30 мамыр күні 2 340 алматылық вакцина салдырған. 

Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 30 мамыр аралығында қалада барлығы 304 085 адамға екпе салынды. 

Қалада 211 пункт жұмыс істеп тұр. 1 256 адамнан тұратын 307 егу бригадасы бар. 

Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылды. 

«Қазіргі медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді» - деп нақтылады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.