Алматыда бір тәулікте 8468 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«28 сәуір күні 8468 алматылық вакцина салдырды, оның ішінде 316 адам «QazVac» вакцинасын алды», - деп хабарлады қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 28 сәуірі аралығында барлығы 202 574 адамға екпе салынды. «Спутник-V» вакцинасының 2 компонентін 39 041 адам алды.
Бүгінгі күні қалада 211 пункт жұмыс істеп тұр. 1 809 адамнан тұратын 402 егу бригадасы бар. Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылды.
