14 мам, 2021 сағат 14:20

Алматыда әуе апатынан зардап шеккендер жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды


Әуе апатында жарақат алған ҰҚК қызметкерлерінің жағдайы тұрақты. Олар жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл туралы №4 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Сағи Бейсенбеков мәлім етті. 

«Екі науқастың да жағдайы тұрақты. Олар реанимациядан мамандандырылған бөлімге ауыстырылды. Палатада ем алады», - деді №4 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Сағи Бейсенбеков. 

Еске сала кетейік, 13 наурыз күні Нұр-Сұлтан-Алматы бағытында келе жатқан АН-26 әскери ұшағы 17.22 кезінде радардан жоғалып, қала әуежайы маңында апатқа ұшыраған еді. 

Ұшақта болған 4 адам қаза тапты. 2 адам түрлі жарақатпен Алматы қаласының №4 қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілді. 

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматыда апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшігіндегі деректер тексеріліп жатқанын мәлім етті.