15 мау, 2020 сағат 14:03

Алматыда ас берілген дәмхана жұмысы шектелді

Алматыда Наурызбай ауданында 60-тан аса адамның басын қосып ас берген дәмхана жұмысына шектеу қойды. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қаланың бас санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оның айтуынша, Наурызбай ауданында жүргізілген тексеру кезінде «Алматы», «Панорама» дәмханаларында эпидемиологиялық талаптар сақталмағаны анықталды. 

«Бұл дәмханада маскасыз, ешбір эпидемиологиялық талаптарды сақтамай 60-тан аса адамның басы қосылып, ас берілген. Мониторинг топтары осындай заңбұзушылықты тоқтатты. Түсіндіру жұмыстарынан соң жиналған адамдар үйлеріне тарады. Көріп отырсыздар, анализ бойынша ас берген кезде коронавирус жұқтыру жағдайы тіркелді. Қарағанды облысында болған аста болған 50 адамнан 23 адамға вирус жұққанын білесіздер», - деді Жандарбек Бекшин. 

Қазір Департамент дәмхана жұмысына шектеу қойды.