14 мам, 2025 сағат 10:49

Алматыда «Алматының тарихи жады» атты бірегей жоба іске қосылды

Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда мәдениет, тарих және туризмді біріктіретін «Алматының тарихи жады» жобасы іске қосылды, деп хабарлайды Ult.kz.

Енді 2GIS картасынан көрнекті қазақстандықтардың жерленген орындарын, ескерткіштер мен мемориалдарды, сондай-ақ, белгілі тұлғалардың өмірі мен шығармашылығына байланысты көшелерді табуға болады. Туристік бағыттар бойынша арнайы маршрут құру мүмкіндігі де қолжетімді.

"Жоба зиярат мәдениетіне – көрнекті тұлғалардың қабіріне құрметпен бару дәстүріне ерекше мән береді. Орталық зират, Кеңсай-1 және Кеңсай-2 ашық аспан астындағы музей ретінде цифрлық маршрутқа енгізілді. Дерекқорға Ұлы Отан соғысы ардагерлерін қосқанда 383 жерлеу орны тіркелген", - делінген хабарламада.


Жоба сондай-ақ, мәдени мұрасы бай көшелерді де қамтиды. Мысал ретінде жазушылар, ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері тұрған Төлебаев көшесін айтуға болады. 

Жоба қала сарапшылары мен музейлерінің бірлескен жұмысы нәтижесінде жүзеге асырылды.