#
#
Дүйсенбі 21/09/2020

Алматыда Алатау ауданының бұрынғы әкімі екі айға қамалды

  • 20.01.2020
  • 0
  • 335

Алатау ауданының бұрынғы әкімі Шахмерден Рыспаев және оның бұрынғы орынбасары Саят Ағыбаев сот санкциясымен екі айға қамауға алынды, – деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Сотқа дейінгі тергеу органы санкция беру үшін тергеу сотына жүгінді. Тергеу сотының қаулысымен күдікті Шахмерден Рыспаевқа қатысты екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды», - деді Алматы қалалық сот баспасөз қызметінің өкілдері.

Алатау әкімінің орынбасары Саят Ағымаев та осы мерзімге қамалды. Естеріңізге салайық, 2020 жылы 18 қаңтарда Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі, оның орынбасары, сондай-ақ осы аудан әкімі аппараты мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысын әшкереледі.

Олар 2019 жылы «Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінген бюджет қаражатын ірі мөлшерде ұрлады деген күдікке ілінген. Сондай-ақ, кейін Алатау ауданы экс-әкімін тұтқындау сәтінің видеосы тарады.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар