06 қар, 2023 сағат 15:48

Алматыда 7 жасар бала зорланды деген оқиға: сараптама қорытындысы жарияланды

Фото: Freepik

Алматы полициясы Алматыдағы жекеменшік мектепте жеті жасар бала зорланды деген іс бойынша жүргізілген сот-медициналық комиссия мен геномдық ДНҚ сараптамасының қорытындысы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

Бұған дейін әлеуметтік желіде анасы бірінші сынып оқушысы зорлануы мүмкін екенін айтқан болатын.

"Сот-медициналық комиссия сараптамасы тағайындалды. Сараптама қорытындысы бойынша баланың денесінде сыртқы және ішкі жарақаттар табылмады. Қазір қосымша сараптама тағайындалды. Сондай-ақ, геномдық ДНҚ сараптамасы жүргізілді, ол өзге биоматериалдың барын анықтаған жоқ", - деді полиция редакция сауалына жауап ретінде.

Сонымен қатар тергеу бақылау камераларынан алынған бейнематериалдар жан-жақты талдаудан өткізген.

Сондай-ақ Алматы Полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы 4-бөлігі ("Зорлау") бойынша қылмыстық істі тергеуді жалғастырып жатыр.

"Алайда, қылмыстық іс жүргізу заңнамасының, атап айтқанда ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы талаптарына сәйкес соталды тергеп-тексеру туралы мәлімет жария етілмейді", - деп толықтырды Алматы полициясы.