27 сәу, 2021 сағат 12:16

Алматыда 611 адам «QazVac» вакцинасын салдырды


Алматыда бір тәулікте 7 620 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«26 сәуір күні 7 620 алматылық вакцина салдырды, оның ішінде 611 адам «QazVac» вакцинасын алды», - деп хабарлады қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 26 сәуірі аралығында барлығы 188 148 адамға екпе салынды. «Спутник-V» вакцинасының 2 компонентін 39 041 адам алды.

Бүгінгі күні қалада 209 пункт жұмыс істеп тұр.1 201 адамнан тұратын 303 егу бригадасы бар. Сонымен қатар, 50 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылды. 

«2021 жылдың 25 сәуірі күні жалпы саны 6 мың доза (1 және 2-компонент бойынша) қазақстандық «QazVac» вакцинасының траншы алынды», - деп хабарлады ведомстводан. 

Бүгін қалаға тағы «Спутник-V» вакцинасының 57 895 дозасы жеткізілді.