29 сәу, 2021 сағат 15:42

Алматыда 36 адам өкпенің жасанды желдету аппаратына қосылған


Алматыда коронавирус жұқтырған 3732 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

29 сәуір күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 695 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен - 601, симптомсыз – 94 науқас тіркелді. 

«Инфекциялық стационарларда 3732 адам бар (төсек-орынның жалпы саны - 6 060), оның ішінде 116 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 252 адам жатыр. Ал 36 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 84 адам ем қабылдауды жалғастыруда. 

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 5484 пациент бар. Оның ішінде 4831 адамда індет белгілері болған, олар орташа ауыр жағдайда. 653 адамда коронавирус белгілері жоқ.