#
#
Сейсенбі 11/08/2020

Алматыда 35 мың дәрі заңсыз саудадан алынды

  • 10.07.2020
  • 0
  • 163

Алматы полициясы заңсыз дәрі-дәрмек сатқан екі азаматты ұстады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Үш күн ішінде дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды заңсыз сату бойынша 11 фактінің жолы кесілді. Тінту кезінде 24 мың дәрі-дәрмек құралдары бар 1200 пакет, сондай-ақ жалпы сомасы 2,5 миллион теңгені құрайтын COVID-19 анықтайтын 9 мың экспресс-тест алынды. Тәрлкіленген заттардың арасында қытайлық Парацетамол да болды. Қазіргі уақытта бұл препаратты Қазақстанға жеткізу арнасы анықталуда. Барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - деді Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.

Бүгін криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп опа-далап сататын дүкенде жерасты дәріханасын ашқан екі азаматты ұстады. Дүкенде қызметтің осы түріне лицензиясы болған жоқ. Тергеу барысында аталған мекемеде 11 мыңнан астам әртүрлі дәрі-дәрмек және жалпы сомасы 1 119 200 теңгені құрайтын 100-ден астам ампула тәркіленді.

Еске салайық, ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Ішкі істер министрлігі елімізде рейд өткізіп жатыр. 

Тексерудің мақсаты – карантин уақытында қажетті дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігін пайдаланып, респираторлық-вирусты ауруларды емдеуге арналған дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен сатқан дәріхана қызметкерлері мен азаматтарды анықтау.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар