2021 жылы Алматы қаласында «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенінің 298 камерасы орнатылады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Бүгінгі күні қалада 468 «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені бар. Бұл 2200 мыңнан астам камера. Осы жылдың аяғына дейін 298 камера орнатылады. Алдағы уақытта олардың санын 766-ға дейін жеткізу жоспарда», - деді Алматы қаласы әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұраталиев.
Оның айтуынша, барлық камера жұмыс істеп тұр. Былтыр олардың көмегімен 9 млрд астам теңгенің бұзушылықтары анықталды.
«Осы камералардың көмегімен жол апаты 40% -ға дейін төмендеді. Бұл қаладағы жол жағдайына жақсы әсер етеді», - деп қосты спикер.
