01 мау, 2021 сағат 16:00

Алматыда 27 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған


Алматыда коронавирус жұқтырған 1515 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

31 мамыр күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 195 адам коронавирус жұқтырған. 

Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 160, симптомсыз – 35 науқас тіркелді. 

Барлық емделіп шыққандар – 390, келіп түскені – 131.

«Инфекциялық стационарларда 1515 адам бар (төсек-орынның жалпы саны – 3 680), оның ішінде 51 бала емделуде» деп нақтылады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 118 адам жатыр. 

Ал 27 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. 

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 61 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 19 аппарат жұмыс істейді. 

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 1 745 пациент бар. 

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда 1 485 науқас. 

260 адамда коронавирус белгілері жоқ.