Алматыда коронавирус жұқтырған 1 258 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
7 маусым күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 138 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 126, симптомсыз –12 науқас тіркелді.
«Инфекциялық стационарларда 933 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –2 530 ), оның ішінде 33 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 77 адам жатыр. Ал 10 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 20 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 30 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 1 251 пациент бар. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда -1 034 науқас. 217 адамда коронавирус белгілері жоқ.
