Алматыда Орталық мәдениет және демалыс саябағы 1 мамырда жабық болады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Саябақ санитарлық тазалық жүргізу үшін жабылып, зарарсыздандырылады.
«Құрметті Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары! 2021 жылдың 1 мамырында Алматы қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағы санитарлық-дезинфекциялық тазалық үшін жабылатынын хабарлаймыз», - деп мәлім етті саябақ әкімшілігі.
Айта кетейік, мегаполисте 15 сәуірден бастап жасыл желектерді зиянкестерден биологиялық және химиялық әдістермен өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ, Алматыдағы зираттар да 1-10 мамыр аралығында жабық болады.
