29 сәу, 2021 сағат 14:10

Алматы зообағында тағы бір ягуар күшіктеді


Алматы зообағында ягуар күшіктеді. Бұл жергілікті ягуарлардың екінші төлі, деп хабарлайды  "Ұлт ақпарат".

Хайуанаттар бағының баспасөз қызметі мәлім еткендей, Анасы Момын Алматы зообағында 2010 жылы дүниеге келген. Ал әкесі Василий 2014 жылы Новосибирскіден әкелінді. 

«2019 жылы Момын мен Василийдің төлі Австралия дүниеге келді. Міне, бірнеше жылдан кейін Австралияның інісі өмірге келді. Есімі әзірше қойылған жоқ. Зообақ ұжымы дәстүр бойынша өзінің Instagram-аккаунтында оқырмандарымен бірге таңдауды жоспарлап отыр. Еске сала кетейік, бұдан бұрын алматылықтар 8 наурызда туған түйеге Мейрам деген ат қойды. Ал 1 қаңтарда туған аюлардың есімдері Кенай мен Код, Дисней мультфильміндегі кейіпкерлердің есімдерін таңдаған болатын», - деп хабарлады зообақтан.

Австралия анасына тартқан. Оның терісінде дақтар бар. Ал жаңа туған ягуар әкесіне ұқсаған қара түсті. 

«Хайуанаттар бағының қызметкерлері жануарларға жайлы жағдай жасайды: қоршау — бұл бөренелер, тастар, ойыншықтар, мұқият тамақтану, ветеринарлық күтім және киперлерден сүйіспеншілік пен қамқорлықтың міндетті көріністері», - дейді ветеринар дәрігер Юлия Дудкина.

Оның айтуынша, күн сайын ягуарлар 3 келі ет жейді, бірақ қазір Момының тамағы көбейді. Оған 4,5 келі ет беріледі.