31 мам, 2021 сағат 13:32

Алматы тауларында адасып кеткен ерлі-зайыптылар құтқарылды


Республикалық жедел-құтқару жасағы тауда ерлі-зайыптыларды құтқарды, деп хабарлайды "Ұлт ақпрарат".

30 мамыр күні республикалық жедел-құтқару жасағына «Лесная Сказка» демалыс аймағында адасып кеткен ерлі-зайыптылар туралы хабарлама түсті. 

Ақпаратты алғаннан кейін зардап шеккендерге көмек көрсету үшін республикалық жедел-құтқару тобы мен кинологиялық жасақ жолға шықты. 

«Қолда бар ақпаратты басшылыққа ала отырып, республикалық жедел-құтқару жасағы мен демалыс аймағының құтқарушылары ерлі-зайыптыларды тез тауып алды. Туристерді автотұраққа дейін жеткізіп, туыстарына тапсырды» делінген хабарламада.