23 там, 2021 сағат 18:30

Алматы облысындағы «ASTORIA» мекемесі қызметкерлерінің 98 пайызы вакцина салдырды



Елдегі ойын бизнесі жетекшілерінің бірі - Алматы облысында орналасқан «ASTORIA» және «BOMBAY» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі вакцинация мәселесіне асқан ұқыптылықпен қарап, барынша белсенділік танытты, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

 

«ASTORIA» казиносында 479 қызметкер вакцинацияланып, 27 адам тұрақты немесе уақытша қарсы көрсеткіштеріне байланысты екпе алмаған. Ал «BOMBAY» казиносында 520 қызметкер вакцинацияланды, 32 адамның тұрақты немесе уақытша қарсы көрсетілімдері бар боп шықты.

 

«Қызметкерлер үшін вакцинация туралы түсініктемелері бар материалдар дайындалды және орналастырылды. Қызметкерлер вакцинаны жұмыс орнында бірден ала алатындай ғып серіктестік базасында жергілікті медициналық органдармен бірлесе арнайы бөлмелер ұйымдастырылды. Сонымен қатар, вакцинация барлық жұмыс ауысымдарын қамту үшін бірнеше кезеңде өтті.

Вакцинаға қатаң төзімділік жағдайында жұмысшыларға жалақысы бар демалыс күндері берілді», - дейді аталған мекемелердің ресми өкілі Ғалымжан Баймұқашев.

 

Баймұқашевтің айтуынша, қос мекеме қызметкерлерінің ешқайсысында асқынулар мен ерекше жағдайлар орын алмаған, бәрі қалыпты жағдай өткен.