10 қар, 2023 сағат 15:37

Алматы облысында зорлыққа тап болған егіз қыздың қазір қайда екені белгілі болды

Фото: inform.kz

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Алматы облысында зорлыққа тап болған егіз қыздың қазір қайда екенін айтты, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

«Қазір тергеу жүріп жатыр. Соған байланысты мән-жайды толық айтуға болмайтынын білесіздер. Мен ол жерге өзім бардым. Егіз қызды да, отбасының басқа балаларын да көрдім», - деді ол.

Уәкіл бұл іс бойынша қыздардың әжесі ұсталғанын еске салды.

«Оқиғаның себебі анықталып, күдіктілер ұсталды. Қыздар қазір бала құқығын қорғайтын орталықта. Яғни, Балаларды қорғау орталығында», - деді Динара Зәкиева.

Еске салсақ, қазан айының басында Алматы облысында бір үйдің екі кішкентай қызын зорлады деген күдікпен 40 жастағы ер адам қамауға алынғаны хабарланған еді.