17 мам, 2021 сағат 13:45

Алматы облысында жантүршігерлік оқиға: Жеңіл көлік екі Камаз-дың ортасында қалған


Алматы облысында жантүршігерлік көлік апаты болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оқиға бүгін сағат 10:00 шамасында болды. Қарасай ауданының Жібек жолы-Елтай-Боралдай автожолында жеңіл автокөлік екі КамАЗ-дың ортасында қалған. Соққының салдарынан «Мазда-626» көлігінің сау-тамтығы қалмады. 

Көлік апатын Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі растады. 

«HUALING» маркалы жүк көлігі кептеліс салдарынан арақашықтықты сақтамай «Мазда-626»-ға барып соғылған. Жеңіл автокөлік соққының салдарынан алдындағы «Volvo» жүк көлігіне созылған. Оқиға орнында жеңіл машинаның жүргізушісі зардап шекті. Ол ауруханаға түсті», - деді ведомствоның баспасөз қызметінен. 

Қазір аталған көлік апаты бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.