Алматы облысында вакцина салдыруға келген ер адам дәрігерді ұрып, тұншықтырған, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«21 мамыр күні Ескелді аудандық орталық ауруханасының емханасында қабылдау жүргізген дәрігерге шабуыл жасалды. Вакцина салдыруға келген пациентке түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында пациент дәрігерге дөрекілік танытқан. Дәрігер медициналық ұйымда пациентке өзін дұрыс ұстауды ескерткен. Алайда ескертуге қарамастан пациент дәрігерге шабуыл жасап, басынан ұрып, тұншықтыра бастаған. Дәрігердің беті пен мойнынан бірнеше рет ұрған. Қазір дәрігер бас миының шайқалуы диагнозымен амбулаториялық ем қабылдауда. Қазір бұл оқиғаға қатысты дәрігер Ескелді аудандық ішкі істер бөліміне арыз жазды»,- деді Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасындағы баспасөз қызметінің өкілі Ләйлім Әубәкірова.
