Алматы облысында шектеу шараларына қарамастан төтенше жағдай режимін бұзғандар көбейіп барады. Өңірде тәртіп бұзған 28 азамат қамалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Бұдан бөлек 7 азамат әкімшілік жазаға тартылып, айыппұл салынды. Тағы бір азаматқа ескерту жасалды.
Алматы қаласына 22 наурыздан бастап кіріп-шығуға тыйым салынғанына қарамастан кейбір азаматтар мегаполиске баратын жаңа жолдар іздестіруін тоқтатпай жатыр. Осылайша олар өз бастарын қауіпке тігіп, коронавирустың басқа елді-мекендерге таралып кетуіне қолайлы жағдай туғызуда. Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі тәртіп бұзған азаматтарға қатаң шаралар қолданылатынын ескертеді.