Алматы облысындағы ауылда христиандар бейітіндегі белгітастарды шимайлап кеткендер іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Белгісіз біреулер христиандар зиратындағы 19 белгітасты аэрозоль бояумен шимайлап кеткен. Қазір полиция Қылмыстық кодекстің 294-бабы яғни, вандализм бойынша іс қозғап, кінәлілерді іздеп жатыр.
Күдіктілер ұсталып, кінәсі дәлелденсе 466 мың теңгеден астам айыппұл салынады немесе қоғамдық жұмысқа жегіледі. Сондай-ақ 40 тәулікке қамау жазасы да қарастырылған.
«Факті әлеуметтік желіні мониторингілеу кезінде анықталған. Полицейлер дереу тексеруге кірісті. Анықталғандай вандализм оқиғасы Еңбекшіқазақ ауданы Ащыбұлақ ауылында болған. Қазір Қылмыстық кодекстің 294-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, кінәлілер іздестірілуде», - деді Алматы облыстық Полиция департаментінің ресми өкілі Ақбота Әзірбек.
