06 қар, 2023 сағат 13:38

Алматы облысында полиция қызметкері өзіне қол жұмсады

Фото: Polisia.kz

Алматы облысында полиция қызметкері өзіне қол жұмсады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Полиция департаменті бастығының мәліметіне сілтеме жасап.

"Алматы облысының полициясы өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша мұқият әрі жан-жақты тергеуді бастады.

Балқаш ауданының полициясына аурухана фельдшерінен аудан орталығы пәтерлерінің бірінде 31 жастағы полиция қызметкерінің өз-өзіне қол жұмсағаны туралы хабарлама келіп түсті. Бұл факт ҚР ҚК 105-бабының 1-бөлігі (суицидке дейін жеткізу) бойынша тіркелді.

Қайтыс болған азаматтың отбасылық қатынастарда жеке проблемалары болғанын, бұл да қылмыстық істі тергеу шеңберінде тексерілетін айта кеткен жөн" - деп жазды Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.

Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын толық, жан-жақты және объективті тергеуді қамтамасыз ету үшін сараптамалық тексерулер тағайындалып, барлық қажетті тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр.

"Тергеу барысы менің бақылауыма алынды. ҚР ҚК 201-бабының шеңберінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды" - дейді Әленов.