12 мам, 2021 сағат 15:56

Алматы облысында коронавирус жұқтыру көрсеткіші төмендеп келеді


Алматы облысында соңғыбір тәулік ішінде стационардан 37 пациент, 58 адам үйден оқшаулаудан шығарылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазір өңірде індетті жұқтыру көрсеткіші төмендеп келеді.

«Облыста КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптада 0,9% - дан 0,8% - ға дейін төмендеді. 12 мамырдағы жағдай бойынша облыста КВИ зертханалық расталған 23 452 жағдай тіркелген. Оның ішінде симптомы бары - 14 347.

100 мың тұрғынға шаққанда КВИ сырқаттанушылық көрсеткіші – 1097,2.

Соңғы тәулікте індетті жұқтырғандардың 162 жағдайы тіркелді.Өсу қарқыны – 0,7%, оның ішінде 129 симптомдық және 33 симптомсыз жағдай»,- делінген Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, індет басталғалы 162 бала коронавирус жұқтырған. Олардың барлығы 14 жасқа толмағандар.

Жалпы Алматы облысында 19 154 індеттен емделіп шыққан.