20 мам, 2021 сағат 12:51

Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны қайта өсті


Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны қайта өсуде. Өткен тәулікте 166 адамның індетті жұқтырғаны тіркелді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ал 18 мамыр күні індетті жұқтырғандар саны 114 адам болса, 17 мамырда 109 адамнан коронавирус анықталған еді. 

«Соңғы аптада ең жоғары өсу қарқыны Балқаш - 0,9%, Жамбыл - 0,8%, Қарасай – 0,8%, Сарқан - 1,7%, Талғар - 1,2%, Ұйғыр– 0,9% аудандарында байқалады. 

Соңғы тәулікте КВИ 166 жағдайы тіркелді, өсу қарқыны-0,7%. Оның ішінде 143 симптомдық және 23 симптомсыз жағдай», - делінген Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Бүгінгі соңғы ақпарат бойынша, 42 пациент стационардан емделіп шықты.174 адам үй оқшаулауынан шығарылды.

Жалпы Алматы облысында коронавирус жұқтырған 24 815 жағдай тіркелген. 

20 мамыр дейін 21 647 науқас жазылып шықты.