#
#
Бейсенбі 13/08/2020

Алматы облысында есірткі плантациялары жойылды

  • 10.07.2020
  • 0
  • 156

Алматы облысында Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бір тәуліктің ішінде есірткі өсімдіктерін өсірудің екі фактісін анықтады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған фактілер ҚР ҚК 300-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді. 

Енбекшіқазақ ауданының 26 жастағы тұрғынынан тәртіп сақшылары қара сора өсімдігін тәркіледі. Жалпы салмағы - 51 келі. 

Екінші жағдайда, заңсыз өсімдік «бағы» Іле ауданының 54 жастағы тұрғынының үйінің ауласынан табылды. Полицейлер 54 түп марихуана өсімдігін тәркіледі. 

Екі күдікті қазіргі уақытта уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Тергеу жүргізілуде.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар