02 мау, 2021 сағат 13:18

Алматы облысында бір топ мас жігіт ерлі-зайыптыны соққыға жықты (Видео)


Алматы облысында 22-24 жастағы мас жігіттер, ерлі-зайыптыны соққыға жыққан. Оқиға Жамбыл ауданының Қасымбек ауылында болған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«2 маусым күні Жамбыл ауданының Полициясына Қасымбек ауылының тұрғыны шағымданды. Әйелдің айтуынша, белгісіз үш жігіт өзін және күйеуін соққыға жыққан. Тексеру барысында 22-24 жастағы осы ауылдың тұрғындары ұсталды. Бұл іс Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігімен бұзақылық бойынша тіркелді», - деп мәлімдеді Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінен. 

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, осы оқиға бойынша жәбірленушілердің жарақат дәрежесін анықтау мақсатында қажетті сараптамалар тағайындалған. 

«Ұсталған үш адамның екеуінің ішімдік ішкені арнайы медициналық тексеру барысында анықталды», - деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.

Әзірге Алматы облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі жанжалдың неден шыққаны жөнінде мәлімет бермеді. Ал бейресми ақпаратқа сәйкес белгісіз ер адам өзгенің тұрғын үйінің қоршауының жанында дәрет сындырған. Жанжал сол сәтте басталған көрінеді.