видеодан алынған кадр
Алматы облысының тұрғындары кішкентай қызға тиіспек болған ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz.
ZTB.KZ порталының редакциясына Алматы облысындағы Қарасай ауданының тұрғындары байланысқа шығып, жантүршігерлік жайттың куәгері болғанын айтқан. Тұрғындардың сөзінше, өзін Руслан деп таныстырған ер адамның қолында ішімдік болған. Ол өзі және "қызын" Ұзынағашқа дейін апаруды сұраған.
Тұрғындар қыздан қасындағы ер адам кім екенін сұрағанда кішкентай қыз жылап жіберген. Қыздың сөзінше, ол үйден шығып, жергілікті өнер мектебіне бара жатқан кезінде белгісіз біреу оны ұрлап әкетіп, таксимен белгісіз жаққа алып кеткен.
Өзін Руслан деп таныстырған адам тұрғындар видеоға түсіре бастағаннан кейін қашып кеткен. Ал кішкентай қыз жылап, оны мүлде танымайтынын, өзінің ата-анасы барын айтқан.
Полиция департаментіндегілер бұл жайтқа қатысты пікір білдірді.
Сағат 10:00 шамасында 1987 жылы туған Р. есімді ер адам кәмелетке толмаған қызды Жамбыл ауданындағы Фабричный ауылынан Қарасай ауданындағы Жібек жолы ауылына алып кеткен.
"Кішкентай қыз өтіп бара жатқан әйелден көмек сұраған. Әйел Қарасай ауданының полиция басқармасына хабарласқан. Тұрғынның хабарынан кейін күдікті сағат 11.20 шамасында ұсталды.
Қазіргі уақытта іс аумақтылығы бойынша Жамбыл аудандық полиция басқармасына жіберілді. Бұл дерек аудан прокуратурасының бақылауында", - делінген хабарламада.