05 мам, 2021 сағат 22:04

Алматы облысында Ақсу ауданының полиция басшысы даулы видеодан соң жұмыстан кетті


Алматы облысында Ақсу ауданының полиция басшысы даулы видеодан соң жұмыстан кетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Осы оқиғаға байланысты Алматы облысы Полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаев түсініктеме берді. 

«4 мамырда әлеуметтік желіде сол кезде Ақсу ауданының полиция бөлімі бастығының міндетін атқарған ішкі істер органдары қызметкерінің әдепсіз мінез-құлқының видеосы жарияланды. Аталған қызметкер жеке құраммен жұмыс жасауда өрескел кешірілмейтін қателік жібергенін мойындап, оны қызметінен босату туралы баянат жазды. 

Дегенмен, осы дерек негізінде менің тапсырмам бойынша, Алматы облысы ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметтік тергеу жүргізуде, оның нәтижесі бойынша болған оқиғаға объективті баға беріледі», - деді Күдебаев.