05 мам, 2020 сағат 12:54

Алматы облысында 26 млн теңгеге спирт сатпақ болғандар ұсталды

Алматы облысының Қарасай ауданында 20 тонна спиртті заңсыз сатпақ болғандар ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Алматы облысы аумағында ірі көлемдегі этил спиртін сақтау және рұқсат құжаттарсыз өткізу фактісін анықтады.

Күдіктілер 20 тонна спиртті 26 млн теңгеге сатуға тырысқан.

Аталған факті бойынша тергеу басталды. Қазіргі таңда қажетті сараптамалар жүргізілуде»,- деді облыстық Экономикалық тергеу департаменті баспасөз қызметінің өкілі Айнұр Ыдрысова.