Өткен тәулікте Алматы облысында 104 адамнан коронавирус анықталды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Соның ішінде Талдықорған қаласында 28 жағдай, Іле ауданында – 17, Жамбыл ауданында – 12, Қарасай ауданында – 11, Панфилов және Талғар аудандарында 9 жағдайдан, Еңбекшіқазақ ауданында – 7, Сарқан ауданында 4 жағдай, Кербұлақ ауданында – 3, Балқаш және Қаратал аудандарында 2 жағдай тіркелді.
Өңір «Жасыл» аймаққа өтті.
«Ауруханаларда 1606 адам ем қабылдауда. Соның 46-ның жағдайы ауыр. 1 тәулікте 79 адам ауруханаларға ем қабылдауға жатқызылды. Жұқпалы аурулар стационарларындағы орындар 33,4 %-ке толған»,- делінген Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің жариялаған хабарламада.
Өткен тәулікте облыс бойынша 489 адам коронавирустан емделіп шықты.
«Соңғы 3 күнде 6423 адамның сынамалары ПЦР зертханаларда тексерілді. Науқастармен қарым-қатынаста болған 118 адам анықталып, барлығы үй карантиніне жатқызылып, медицина қызметкерлерінің бақылауына алынды.
Алматы облысы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар саны – 206 988. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 724. Екпенің 2-ші компонентін алғандар саны – 113 858», - деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.
