04 мам, 2021 сағат 11:42

Алматы облысында 166 мыңнан аса адам коронавирусқа қарсы вакцина алды


Алматы облысында 166 мыңнан аса адам коронавирусқа қарсы вакцина алды. Екпеден кейінгі реакциялар мен асқынулар тіркелген жоқ, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіндегі баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінгі күні коронавирус инфекциясына қарсы І компонентпен 166 069 адам егілді. 

Оның ішінде: 20 364 медицина қызметкері, педагогтер – 30 473, учаскелік полиция қызметкерлері – 1611, студенттер - 1803, медициналық-әлеуметтік мекемелер контингенттері - 739, күш құрылымдарының қызметкерлері – 13 479, мемлекеттік қызметкерлер - 4972, созылмалы аурулары бар адамдар - 4749, басқа тұрғындар – 87 879. 

ІІ компонентпен 29 482 тұрғын вакциналанды. Оның ішінде 11 385 медицина қызметкері, 9018 - педагог, 436 учаскелік полиция қызметкері, 1348 – күш құрылымдарының қызметкері, 681 – мемлекеттік қызметкер және 6094 – басқа тұлғалар. 

Вакцинациядан кейінгі реакциялар мен асқынулар тіркелген жоқ. 

Алматы облысында соңғы тәулікте КВИ-дің 180 жағдайы тіркелді. Өсу қарқыны – 0,8%, оның ішінде 127 симптомдық және 53 симптомсыз жағдай.