Алматы маңындағы Талғар ауданында 2009 жылғы бала шатырда ойнап, мерт болды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қайғылы жағдай Алматы облысының Талғар ауданына қарасты Бесағаш ауылында болған.
«24 мамыр күні сағат 18:00 шамасында Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне оқыс оқиға жайлы хабарлама келіп түсті. 2009 жылғы бала ата-анасының қарауынсыз 9 қабатты үйдің шатырында ойнаған. Абайсызда ол екі үйдің ортасындағы шұңқырға құлап кеткен. Ол жердің ені 60 см, ұзындығы 17 метр. Зардап шеккен оқушы оқиға орнында тілге келместен көз жұмды»,- делінген Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Ведомство өкілдері ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмауды сұрайды.
