02 шіл, 2025 сағат 09:18

Алматы облысында 10 жастағы баланы қабаған иттер талап тастады

Фото: Dreamstime

Алматы облысында 10 жасар баланы қабаған үш ит талап тастаған, деп хабарлайды Ult.kz.

Жеткіншек ауыр халде аурухананың жансақтау бөліміне түскен. Қазір баланың жағдайы орташа қалыпты. 

Тұрғындардың айтуынша, иттер бұрын ауылдың Мәдениет үйі, кейін Нашақорларға арналған оңалту орталығына тиесілі. Қазір аталған мекеме жұмысының заңдылығы да тексеріліп жатыр. Ол үшін Ұмтыл ауылдық округы құзырлы органдарға ұсыныс хаттар жіберген. 

Алматы облысының Полиция департаменті оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің «Абайсызда ауыр дене жарақатын келтіру» бабы бойынша іс қозғап, сотқа дейінгі тергеуді бастады.