06 нау, 2026 сағат 15:40

Алматы музейі 8 наурызға арналған көрмеге шақырады

Фото: Алматы әкімдігі

Алматы музейінде Халықаралық әйелдер күніне арналған «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» атты көрме өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Ult.kz.

Экспозиция қазақ әйелдерінің ел тарихы, мәдениеті мен өнеріндегі ерекше рөлі туралы баяндайды. Мұнда көрнекті өнер иелеріне тиесілі жеке заттар, сахналық костюмдер, архивтік фотосуреттер, құжаттар мен портреттер ұсынылған.

Олардың қатарында Хадиша Бөкеева, Роза Бағланова, Бибігүл Төлегенова, Роза Жаманова, Мәдина Ералиева және Сәуле Жанпейісова бар.

Көрме 12 наурызға дейін жалғасады. Бұл мерекелік күндері музейге барып, қазақ өнерінің аңызға айналған әйелдерінің мұрасымен жақынырақ танысуға тамаша мүмкіндік.