05 ақп, 2026 сағат 15:49

Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді


Фото: Exclusive.kz


Жер сілкінісі 5 ақпанда сағат 13:42-де болған. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Ұлттық сейсмология бақылау орталығы хабарлады.


«Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 284 шақырым жерде орналасқан. Қарқыны — 2–3 балл», — делінген хабарламада.

Зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ.