03 мау, 2021 сағат 00:15

Алматы коронавирус жұқтырғандар саны азайды


Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасындағы Akimat LIVE бағдарламасында мегаполистегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал туралы айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

2 маусымдағы мәлімет бойынша коронавирус инфекциясының 69 941 жағдайы тіркелді, оның 54 141-і симптомды және 15 800-і симптомсыз. 

Тәуліктік өсім - 0,2%. Репродуктивті саны - 0,702.

Инфекциялық стационарларда барлығы 1431 адам жатыр, оның ішінде 54 бала бар. 56 науқастың жағдайы өте ауыр, 308-і ауыр, 1067-сінің халі орташа ауыр. Реанимация мен интенсивті терапия бөлімдерінде 106 науқас бар. Жасанды тыныс алу аппаратында – 24, инвазинді емес өкпені жасанды желдету аппаратында - 55, High flow аппаратында 26 науқас бар.

Телемедицина орталығының мобильді топтарының бақылауында 1 617 науқас бар, олардың 237-і симптомсыз, 1331-і жеңіл және 49-ы орташа ауырлық дәрежесінде. 

Алматыда 26 ПТР зертханасы жұмыс істейді, олардың 26 992 дейін сынама жасауға мүмкіндіктері бар.

«Қаланың халықаралық әуежайында санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды күшейту шаралары қабылданды. 2021 жылдың 6 қазаны мен 1 маусымы аралығында Алматы қаласының халықаралық әуежайына бортында 354 464 жолаушы бар 2 427 рейс келіп қонды. Оның ішінде COVID-19 теріс нәтижесі бар анықтамамен келген жолаушылар саны - 328 367, анықтамасыз келгендері - 25 528, вакцина паспортымен келгендер - 569.

Сондай-ақ, ПТР анықтамасы жоқ 32 шетел азаматы елден шығарылды.