Фото: Ult.kz
Алматыда демалыс күндері The Spirit of Tengri фестиваль өтті. Бұл — Орталық Азиядағы аса ірі заманауи этникалық музыка фестивалі, әрі ауқымды халықаралық мультимәдени жоба, деп жазады Ult.kz тілшісі.
Айта кетейік, Tengrinews.kz ақпараттық порталының 15 жылдығына орай өткен бұл фестиваль ір сахнадаethno-world жанрының бүкіл әлемдегі үздік орындаушыларының басын қосатын бірегей шоу болды.
Музыкалық шоудан бөлек, The Spirit of Tengri фестивалі қонақтарды әлем халықтарының мәдени байлығының атмосферасына бөледі. Мұнда Фудкортта әрбір қонақ әлем халықтарының ұлттық тағамдарынан дәм татып, фестиваль атмосферасының ажырамас бөлшегі — этногрим, әр образға сиқыр қосатын түрлену өнерін тамашалады.
Фото: Ult.kz
Сонымен қатар Handmade Market-ке барып, тоқыма мен керамикадан бастап, әшекейлер мен декор бұйымдарына дейінгі ерекше қолөнер туындыларын сатып алып, естелік қалдырып жатты.
Фестиваль атмосферасына сән қосатын ажырамас бөлігі — этногрим, әр образға сиқыр беретін түрлену өнері. Мұнда адамдар әр елдің салтына орай бетіне этнобояу жасатып, бір жасап қалды.
Фото: Ult.kz
Айта кетейік, бұл фестиваль құрылғаннан бері 100-ден астам елдің жүздеген көрнекті әртістерін біріктіріп, Еуразия халықтары мен басқа да аймақтарының музыкалық дәстүрлері мен мәдени мұраларын ұсынды.
Фото: Ult.kz
Фото: Ult.kz
Фестивальдің бірінші күнінде Steppe Sons (Қазақстан), Dosi (Оңтүстік Корея), Kalascima (Италия), Kalander (Ресей\Ұлыбритания), Killa Beat Maker (Колумбия) және Mn Trnsr (Қазақстан) өнер көрсетіп, жұртшылықты ән мен биге бөледі.
Екінші күні Otyken (Сібір\Ресей), Ay Yola (Башқұртстан), Aro (Қазақстан), Abbos (Өзбекстан), Daler Назаров (Тәжікстан) және Arsen Superfly (Қазақстан) Алматы кешін әнмен тербеді.
Фото: Ult.kz
Фото: Ult.kz
Көк аспанды жарық пен музыкаға бояп, сахнаның сиқырын жаңа өлшемде жалғайтын әсерлі дрон-шоу фестиваль кешінің әдемі қорытындысы болды.
Ақбота Мұсабекқызы