30 мам, 2025 сағат 09:20

Алматы қаласының тарихы музейі «Жыл музейі» атанды

Фото: Алматы әкімдігі

Алматы тарихы музейі Freedom Ticketon Awards 2025 нұсқасы бойынша «Жыл музейі» деп танылды.

Алматы музейі айтулы атаққа ие болып, 3,5 миллион теңгеге сертификат алды. Бұл қаражат инфрақұрылымды дамыту мен жаңа ағартушылық жобаларға жұмсалады.

Байқауға еліміздің ірі музейлері қатысты: ҚР Ұлттық музейі, Қастеев атындағы музей, «Әзірет Сұлтан», ҚР Тұңғыш Президенті орталығы және басқалар. Бұл жеңіс Алматы музейінің Қазақстанның маңызды мәдени орталығы ретіндегі мәртебесін растайды.

Бұл музейдің алғашқы марапаты емес. Алматы қаласы музейлер бірлестігінің құрамындағы Тарих музейі бұған дейін де TÜRKSOY нұсқасы бойынша түркі әлемінің мұрасын сақтау мен насихаттауға қосқан үлесі үшін үздік деп танылған.

Алматы тарихы музейі – жай ғана көрме залы емес, бұл қаламыз бен халқымыздың тарихы қайта жаңғыратын кеңістік.