25 мам, 2021 сағат 12:40

Алматы қаласында бір тәулікте 2340 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды


Алматы қаласында бір тәулікте 2340 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы таратқан мәліметке сәйкес, 24 мамыр күні 2 340 алматылық вакцина салдырды. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 24 мамыры аралығында қалада барлығы 291 371 адамға екпе салынды. 

«Бүгінгі күнге дейін қазақстандық QazVac вакцинасын 3000 адам алды. Қытайдың Sinopharm вакцинасының бірінші компонентін 11 034 алматылық салдырды», - деп атап өтті басқармадан.

Қалада 211 пункт жұмыс істеп тұр. 1 256 адамнан тұратын 307 егу бригадасы бар. Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылды. 

«Қазіргі медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді» - деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.