10 мау, 2021 сағат 09:54

Алматы коронавирусқа қарсы вакцинация бойынша көш бастап тұр


ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 10 маусымдағы мәліметіне сәйкес, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның толық дозасын 1 264 247 адам алды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Атап айтқанда, I компонентпен - 2 371 178 адам, II компонентпен 1 264 247 адам вакцина салдырды. 

Коронавирусқа қарсы вакцинаның екі компонентін де алған өңірлер арасында Алматы қаласы бұрынғыша алда келеді – 216 812 адам. 

Одан кейінгі орындарда Алматы облысы (146 859), Қарағанды облысы (116 415), Нұр-Сұлтан қаласы (113 704) және Шымкент қаласы (101 516) тұр.