Алматы әуежайында ұшып-қону жолақтарының бірін жөндеуге байланысты рейстер кешігіп жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Алматы әуежайының баспасөз қызметінің мәліметінше, бір жолақ уақытша жабық. Жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.
«Екіншісі жұмыс істеп тұр. Жолақтардың бірінің зақымдануына байланысты рейстер уақыты өзгеруде. Өзі екі жолақ бар», - деп хабарлады Алматы әуежайының баспасөз қызметінен.
«Алматы - Нұр-Сұлтан, Алматы - Қостанай, Алматы - Батуми рейстері кешігіп жатыр. Уақыт 1-1,5 сағатқа шегерілді. Рейстер тоқтамайды», - деп атап өтті әуежайдан.
