Алматы әкімі Бақытжан Akimat Live бағдарламасының эфирінде қала тұрғынының өтінішінен кейін Сәтбаев көшесі бойындағы Сауда орталығына барып, жағдаймен танысты.
Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев Facebook-тегі парақшасында қала тұрғынының Akimat Live бағдарламасына хабарласып, «Автодом» сауда үйінің маңында орналасқан арнайы халыққа қызмет көрсету орталығы туралы айтқанын және жұмыс сапары кезінде сол жағдаймен танысқанын хабарлады.
Мұнда супермаркеттер, автосалон, басқа да сауда орталықтары, көпқабатты тұрғын үйлер орналасқандықтан бұл учаскенің, әсіресе, демалыс күндері кептелістен көзі ашылмайтыны шындық.
«Осыған байланысты көліктерді рәсімдеу бойынша қызметтерді Алатау ауданының мамандандырылған ХҚКО-сына қайтаруды тапсырдым. Ол жерде келушілер үшін де, автокөліктер үшін де жеткілікті орын бар», - деп жазды Бақытжан Сағынтаев.

