10 қаң, 2023 сағат 13:28

Алмаарасан тауларынан жоғалған әйел табылды

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Жоғалған әйел Алмаарасан тауларынан табылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 7 қаңтарда 1983 жылы туған турист әйел тауларға, «Терра» алаңына жалғыз өзі шыққан. Жаяу серуендеп болғаннан кейін көлігіне түскен кезде телефонын және бақылау таяқшаларын жоғалтып алған. Әйел таудан түсіп бара жатқанда, абайсызда соқпақ жолдан құлап, еңістен төмен «Проходное» өзеніне қарай құлдилап түседі. Құтқарушылар қар көшкінін тіркемеген.

9 қаңтар сағат 5 шамасында ҚР ТЖМ «РЖҚЖ» ММ кезекші бөліміне Алмаарасан шатқалында жоғалған әйел туралы шақыру келіп түскен. Жеке құрамның 11 құтқарушысы, оның ішінде 1 кинологиялық есептоптан тұратын жедел топ құтқаруға шыққан. РЖҚЖ қызметкерлері туристі түні бойы жартасты және қарлы таулардан іздеген.

"РЖҚЖ-дан басқа бірнеше еріктілер ұйымы, соның ішінде «Доброспас» және «Лидер», сондай-ақ «Құтқару қызметі» қатысты. Іздеу жұмыстары түні бойы жалғасты. Түнгі сағат 4-ке таяу зардап шеккен турист табылды және барлық іздеу топтары берілген координаттарға қарай жылжыды. РЖҚЖ құтқарушылары қажетті көмек көрсетіп, туристі Проходное шатқалына тасымалдады. Кейін зардап шегуші АМО бригадасына табысталды" - делінген хабарламада.