10 ақп, 2020 сағат 08:54

Әлихан Смайылов: Төрт жылда 1,5 мыңнан астам аудитор сертификат алды

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары-Қаржы министрі Әлихан Смайылов мемлекеттік аудит саласындағы оңтайлы қадамдарды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2015 жылы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» негізгі Заңның қабылдануы Қазақстан Республикасында мемлекеттік аудит жүйесін құруға бастама болды. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының сертификатталған қызметкерлері 2017 жылдан бастап мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қабылдаған жаңа стандарттар бойынша мемлекеттік аудитті толыққанды іске асыруға кірісті. Депутаттық корпуспен жүргізілген жұмыс нәтижесінде 2018 жылы заңнамалық база жетілдірілді және мемлекеттік аудиттің одан әрі дамуына түрткі болды. Түзетулер пакеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы механизмдерді күшейтуге, мемлекеттік аудиторлардың кадрлық потенциалын арттыруға және электрондық аудитке көшуге мүмкіндік берді», - деп тоқталды Ә. Смайылов Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында.

Оның сөзіне қарағанда, төрт жылда Ұлттық комиссия 1,5 мыңнан астам мемлекеттік аудитор сертификатталды. Барлық мемлекеттік әрі атқарушы органдарда ішкі аудиттің 54 қызметі құрылды. Атап айтқанда, мемлекеттік аудит пен тәуекелдер бойынша кеңестер отырысы 79 рет өткізілді.

«Сонымен бірге, бүгінде қаржылық есептілік аудиті шоғырландырылған қаржылық есептілікте бұрмалауға жол бермеу және кемшіліктерді дер кезінде жоюға бағытталған. Бұған өткен жылы қомақты сомада жасалған ескертулер дәлел болып отыр. Тексерулерді қашықтықтан жасау әдісінің енгізілуі аудиттің құқықтық сауаттылығын көтеріп, жемқорлық тәуекелдерін төмендетті. Сатып алуларда анықталған ереже бұзушылықтардың үлесі 19 пайыздан 2 пайызға дейін азайды», - деді Үкімет басшысының бірінші орынбасары.