Премьер-Министрдің бірінші орынбасары-Қаржы министрі Әлихан Смайылов аудиторлардың төмен жалақысынан туындаған тәуекелдерді атады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Сыбайлас жемқорлыққа бәсекеге қабілетсіз еңбекақы әсер етеді. Сонымен қатар, құқық қорғау органдарының тергеу шараларына тартылатын мемлекеттік аудиторлардың жоғары жауапкершілігінің де ықпалы бар. Осыған байланысты бүгінде білікті кадрлардың жұмыстан кетуінің жағдайы байқалуда», - деді Смайылов Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында.
Оның айтуынша, соңғы екі жылда қызметкерлердің 40 пайызы жұмысынан кеткен.
«2020 жылдың басынан бері Есеп комитеті мемлекеттік аудиторларының еңбекақысы 70 пайызға өсті. Сонымен бірге, органға қарамастан барлық аудиторларға бірыңғай талаптар бекітілгенін ескере отырып, барлық аудиторлардың еңбекақысын тиісті деңгейде көтеру мәслесін шешу керек деп санаймыз», - деді Әлихан Смайылов.
Ведомство мәліметіне бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінде мемлекеттік аудиторлардың орташа жалақысы 120 мың теңге, Ішкі мемлекеттік аудит комитетінде – 150 мың теңге, Ревизиялық комиссияда – 180 мың теңге, Есеп комитетінде – 250 мың теңге. Мұнымен қоса, жеке сектор ішкі аудит қызметкерлерінің орташа еңбекақысы 550 мың теңге, ал квазимемлекеттік сектор ішкі аудиті қызметкерлерінің табысы 700 мың теңге сомасында тіркелген.