ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, Қаржы министрі Әлихан Смайылов Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесіндегі Қазақстан өкілі болып тағайындалды. Бұл туралы Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аталған бұйырыққа Қазақстан Республикасы президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
Айта кетейік, Комиссия кеңесі Одақ шеңберіндегі интеграциялық процесттерді реттейді және Комиссия жұмысына жетекшілік етеді.
Комиссия кеңесінің құрамына заң жүзінде тиісті құзыреттері бар Одаққа- мүше мемлекеттердің Премьер-Министрлерінің орынбасарлары кіреді